Тарбағатай топонимдерінің жасалу ерекшеліктері
29.03.2024 1498

Тарбағатай өңірі бойынша жинақталған топонимдерді мазмұн-мағынасы жағынан бірнеше тақырыптарға жіктеп, тақырыпқа орай шоғырландырып, топтастырып қолданылу өрісін анықтауға болады. Бұлай топтастыру арқылы топонимдердің рухани, мәдени өмірдің қай саласында көбірек, қай саласында азырақ қолданылуы, оның тарихи-лингвистикалық уәжін айқындай түсуге мүмкіншілік береді. Оларды белгілі тақырып аясына топтастыру арқылы біз ұлан-ғайыр тілдік деректердің тереңінен өзімізге керектілерін бөліп алып, оның табиғатын жан-жақты қарастыруға, сырына тереңірек үңіліп, тілдік сипатын, ішкі мазмұнын айқындай түсуге мүмкіндік аламыз.


Жер-су атауларын  іштей жіктеп, топтастыру, оның қолданыс аясын, қолданыс жиілігін анықтау – тіл біліміндегі басты мәселелердің бірі. Шығыс Қазақстан аймағындағы Тарбағатай ауданы топонимдері  тiлдiк деректерге бай, көптеген өзiндiк  қасиеттерiмен ерекшеленетiн ономастика тармақтарының бiрi. Олар мазмұны, тақырыбы, қызметiне қарай бiрнеше тақырыптық өріске жiктеледi. 

Атап айтқанда, этнотопоним және антротопонимге байланысты топонимдер: Айдабол, Ақбаз, Ақбай, Ақабарақ, Ақболат, Ақтайлақ, Алдаберген, Алпысбай, Аманбай, Аманкелді, Атамбай,, Ахметқали, Ахметтің қорасы, Әбділ, Әшім, Бабахан, Әсембет (Нәзікбай), Байтоғас, Бақай, Барақбайдың қыраты, Барақбайдың қыры, Бапанның шоғыры, Баттың кезеңі, Баттың үңгірі, Бектұр тұйығы, Би Боранбай, Би Боранбай кеңшары, Ботай жері, Гаухар, Дәулетбай, Ерназар, Ескендір, Жалғанбай, Жанай ауылы, Жәнтікей, Жанұзақ, Жаубасар, Жамбике, Жұмық, Жүніс, Жүндібай, Жігіт, Жігер, Кеңесбай, Көкжал, Көккөз, Көрпей, Көрпебай, Көшек, Қайрақты, Қанжікей би, Қарасай, Қожа, Қоңырбай, Майлы-Жайыр, Малтүгел, Мешел, Мұңайтпас, Мұрынбай, Мүлкіба, Мырзахан, Ораз, Орақ, Өкшебай, Өмір, Өтеген, Рақыжан, Рақымбай, Самарқа, Сартай, Сасан қыры, Сасан би, Сәбит, Сәрке, Сәтбаев, Суан, Сыбан, Танамырза, Тарақты, Тоғас, Тоқсанбай, Төбет, Түйебай, Уаң, Шаң, Шорға, Ырғызбай, Ыбырай т.б. Адам болмысына қатысты қалыптасқан тұрақты тiркестер РТАҚТТ iшiнде саны жағынан мол мағыналық топтардың бiрi. Олай болатыны‚ адам болмысының‚ табиғатының күрделiлiгiне байланысты және адамның белгiлi бiр оқиғаға‚ құбылысқа қатысты iс-әрекет қимылын‚ физиологиялық қалып-күйiн‚ iшкi-жан-дүниесiн‚ мiнез-құлқын бейнелi‚ астарлы түрде жеткiзе бiлуiнде. Себебi, адам баласы шыр етiп жерге түскеннен мезгiлi‚ ажалы жетiп о дүниеге аттанғанша‚ өзiне ғана тән мiнез-құлқы‚ психикалық ерекшелiктерi қалыптасып‚ бiрте-бiрте уақыт озған сайын жетiле бередi. Қазіргі тіл білімінің ең басты мәселелерінің бірі – тілдегі барлық материалдарды адамның рухани өмірімен, тұлғалық болмысымен, санасымен тығыз байланыста  зерттеу болып табылады. Сондықтан да антротопоним, этнонимдік топонимдер басым көпшілігі. Кісі атына байланысты қойылған атаулар, көбінесе, сол жерді мекендеген танымал адамдардың атына қатысты қойылған атаулар.

Белгілі бір оқиға, аңыздарға байланысты топоним атаулары: Айғайкезең, Айтқан шоқы, Айша қашқан, Алты қалмақ, Аманат тас, Аюшат, Бабырай жылаған, Баспан, Боғас, Бостан, Бөгенбай шаты, Бөртостаған, Доланқара, Жәкуланың қызыл тасы, Жәнделі (қалмақтарға қарсы соғысқан қыз), Жасылүңгір, Кемпірөлген (Құдағиөлген), Кереге тас (Керген тас), Қалмақ оба, Қамбар сай, Қандысу, Қарасеңгір, Қарасай, Қубас кезеңі, Қыз жылаған, Қырық оба мен төрт оба, Майлы, Майлышат, Маңырақ, Сауыт қойған, Сауыт, Сеңгір, Серен қамал, Сыбан қырылған, Тайынша молда, Тақиякеткен, Тектұрмас, Тойқылған, Толағай, Шаған шыққан, Шорға, Шошақ бейіт т. б.

Фиотонимге (өсімдік атауына) байланысты топонимдер: Ақши, Аршалы, 

Ащылы, Белдеу шеңгел, Бүлдірген сай, Дөңшілік, Жалғызтал, Жаңғыз ағаш, Жоңышқа қора, Жүзағаш, Кезеңшілік, Көкащы, Көктал, Көкшағыр, Қамыс, Қамысбағы, Қамысты, Қарағаш, Қаратал, Қарашеңгел, Қарашілік, Қотанащы, Қотаншілік, Қызылащы, Қызылқайың, Қырық тошала, Майқайың, Ойшілік, Сарыөлең, Сарымсақты, Сұлутал, Шеңгелді, Шитөбе, Шилібастау, Шұбарши, Шілікті т. б. Бұл жүйеде топтастыру барысында онимдердің халық тұрмысындағы әдет-ғұрпын‚ салтын‚ наным-сенiмiн‚ ырым-сырымын‚ шаруашылық жүргiзу дәстүрiн‚ тарихи оқиғалар үрдiсiн‚ ұлттық ерекшiлiктер мен т.б. қасиеттер белгiсiн айқындауға қатысы барлығын байқауға болады. Өсiмдiктердiң ерекшiлiктерi мен олардың өздерiне тән атқаратын қызметiне байланысты бiрнеше топқа бөлiп қарау – тiл бiлiмi дәстүрiнде бар принцип.

Зоонимге (жануар мен құстарға) қатысты топонимдер: Айғырқұм,Ақсиыр, Ақбайтал, Ақтеке, Алтыат, Атсалған, Аю сай, Аю тас, Аюшат, Бөрітастаған, Бұғытас, Бұқа, Бүркітті, Жағалбайлы (жағалтай, жағалбай – құс), Жылқыкетпес, Жылқыбазы, Көкбұқа, Көкбұға, Көкөгіз, Қасқабұқа, Қозымаңырақ, Қойтас, Қойбағар, Қойкезең, Қоймаңырақ, Құсмұрын, Мысық ұясы, Соқыратан, Суырлы, Тайбаққан, Тайжарған, Тайжүзген, Тайынша молда, Тауық, Төбет, Түйебазы, Түйетас, Түйеқора, Түйемойнақ, т.б. Жануар мен құстарға қатысты топонимдердің  мағыналық тобын қарастыра отырып‚ қазақ халқының ғасырлар бойы тұрмыс-тiршiлiгiмен сабақтас болып келген күн көрiсi: азығы‚ киiм-кешегi‚ құрал-жабдығына айналған төрт түлiкке‚ сахара төсiн ен жайлаған аң-құсқа‚ суын мекендеген балығына‚ оларды сипаттайтын бейнелi сөз өрнектерiне тоқталмай өту мүмкiн емес.

Сандық қатысына байланысты қойылған топонимдер: Алтықалмақ, Алты ат, Алты оба, Балауса, Бесбастау, Бесоба, Бессала, Бессана, Бесшана, Бесшатыр, Бесшоқы, Бесшоқы Текей, Екібас, Екінші ауыл, Жетіарал, Жүз ағаш, Қырықоба, Қырықоба мен Төртоба, Қырық тошала, Қырыққарақшы, Қырыққұдық, Қырықошақ, Мыңбұлақ, Мыңжан, Мыңжылқы, Мыңшұңқыр, Сегізінші застава, Тоғыз, Тоғызтарау, Тоғыздың құдығы, Тоғызыншы май, Төрт оба, Төртбастау, Төрткүл, Төртқопын, Төрттоған, Үш Боғас, Үшбұлақ, Үш қайшы,Үшқұдық, Үштөбе, ХХІІ партсъезд кеңшары. Сан есімдер жеке-дара айтылған кезде, абстракт сандық ұғымдардың атаулары ретінде қолданылады. Олардың нақты мағыналары өзге сөздермен қарым-қатынасқа түсіп айтылғанда ғана айқындалып отырады. Қазақ  халқының тарихи өмірінде орын алған іс-әрекеттер мен белгілі бір күнделікті тұрмыста тұтынатын заттарына, еңбек құралдарына т. б. өз тұрмыс-тіршілігіне сай өлшемдік ұғымның орнығуына байланысты қазақ тіліндегі өлшем мағынасындағы сөздер мен сөз тіркестері қалыптасқан. Қазақ дәстүрінде қалыптасқан уақыт, кеңістік, қашықтық, көлемдік, сандық, салмақтық т.б. толып жатқан өлшемдік ұғымдар кейде  топонимдер арқылы да сипатталады. Сан есімдердің ішінде кейбір сандар сандық мәнімен қатар басқа мағынада қолданылуымен ерекшеленеді

Түске байланысты қойылған топонимдер

Ақ түске байланысты топонимдер саны – 39. Соның ішінде: Ақшоқы, Ақши, Ақшал, Ақтың жолы, Ақтүбек, Ақтөбе, Ақтоғай, Ақтеке, Ақтас, Ақтана, Ақтан, Ақтам, Ақтақыр, Ақтайлақ зираты, Ақсуат, Ақсиыр, Ақсақал, Ақпөңкіт (Ақпункт), Ақпейіт, Ақой, Ақмектеп, Аққұдық, Аққора, Аққау, Аққала, Ақжол, Ақкезең, Ақжар, Ақжал, Ақжайлау, Ақболат, Ақбоз, Ақбитон, Ақбарша, Ақбарақ, Ақбайтал, Ақбай, Ақбас, Ақоба. 

Жасыл түске байланысты топонимдер саны – 2. Соның ішінде: Жасылкөл, Жасылүңгір.

Көк түске байланысты топонимдер саны – 23. Соның ішінде: Көкбастау, Көкбұқа, Көкжартас, Көктөбе, Көкащы, Көкбай, Көкбұға, Көкжайдақ, Көкжал, Көкжол, Көкжыра, Көккемер, Көккөз, Көкқора, Көкөгіз, Көксу, Көктал, Көктас, Көктекше, Көктомар, Көктүбек, Көкшағыр, Көкшұңқыр.

Қара түске байланысты топонимдер саны – 41. Соның ішінде: Қарадала, Қаракезең, Қарақой, Қараоба, Қараой, Қараөгіз, Қарашашты, Қараінген, Қарабас, Қарабастау, Қарабие, Қарабура, Қарабұғы, Қарабұлақ, Қараағаш, Қарақұла (Қарағұла), Қаражайлау, Қаражал, Қараайық, Қаракемер, Қарақабақ, Қарақалпақ, Қарақұдық, Қарақұсайын, Қарамерген, Қарапөңкіт (Қарапункт), Қарасай, Қарасеңгір, Қарасу, Қаратал, Қаратас, Қаратоғам, Қаратоған, Қараүңгір, Қарашапан ойпаты, Қарашат, Қарашаш, Қарашеңгел, Қарашоқы, Қарашотан, Қарашілік.

Қоңыр түске байланысты топонимдер саны – 4. Соның ішінде: Қоңыроба, Қоңырбай, Қоңырөлеңқақ, Қоңыртөбе бұлағы.

Қызыл түске байланысты топонимдер саны – 19. Соның ішінде: Қызылащы, Қызыладыр, Қызылби, Қызылжұлдыз, Қызылкесік, Қызылқайың, Қызылқара, Қызылқора, Қызылқошын, Қызылотау, Қызылтас, Қызылбастау, Қызылбұлақ, Қызылқия, Қызылқойшың, Қызылой, Қызылсыдық, Қызылту, Қызылшоқы.

Сары түске байланысты топонимдер саны – 9. Соның ішінде: Сарыбөктер, Сарыбұлақ, Сарыөзек, Сарыөлең, Сарышоқы, Сарыбай, Сарыдоңғал, Сарыкөл, Сарытау.

Шұбар түске байланысты топонимдер саны – 1. Соның ішінде: Шұбарши. 

 

Тарбағатай ауданы бойынша түске қатысты жер-су атауларының деңгейлік көрсеткіші

Қара түсті ғалымдар қарақ сөзімен байланыстырады. Қарақ – қазақ əдет-ғұрпында, салт-дəстүрінде қасиеттілікті білдіруімен қатар, қайғы-қасіретпен ассоциацияланады. Бұл сөздің шығу табиғатын көзбен байланыстыруға болады. Адамның дүниені танудағы ең негізгі мүше – көз болып табылады. М. Қашқаридың сөздігінде «қарақ» көздің қарашығы, көз мəнінде түсіндірілген. Яғни, қарақ жəне көз сөздері бір-біріне синоним болып келеді. Алайда қазіргі қазақ тілінде бұл көздің бір ғана бөлшегі (қарашық) болып қалыптасты. Қазіргі қазақ тілінде көзі қарақты, қарақтау секілді сөздер қолданылады жəне де көне түркілік қарақ сөзінен қаншама сөз пайда болды. Қара, қарашы, қарғам, қарығу, қар барлығы да көзбен, яғни қарақпен байланысты. Қара түс атауы да заттық ұғымнан (қарақтан) туындаған. Зерттеуші Н. Аитова қарық сөзін қар жəне -ық деп екі морфемаға бөліп талдап, қар сөзі көз мағынасында жұмсалатынын атап көрсетеді. Қарығу деген көздің ауруы да бар. Б. Қыдырбекұлы бұл сөздің этимологиясы жөнінде былай дейді. «Қарығу –  көздің суықтан, əсіресе қарлы далада ұзақ жүруден болатын ауру, көздің төңірегінде иненің жасуындай ақ бөріткеннің пайда болуы, ол көзге тікендей қадалып тұрады. Қазақ оны қардың ақтығынан көреді. Сондықтан «қарығ», яғни «қар қапты» деседі» [11]. «Дивани Лұғатта» қарықты дегенге адамның көзі қардан қамалды деген анықтама берілген. Бұдан түйетініміз — көздің қарға шағылысуынан қарығу сөзі, ал қарақтың ауруын тудырған ақ нəрсені қар деп атап кетуі мүмкін. Қорытындылай айтатын болсақ, зат мағынасындағы қарақтан сындық, іс-əрекет, ауыс, символдық мағыналар туындаған деген пікірдеміз, -деп көрсетеді Б.Р. Хасенов, А.С. Əділова өздерінің «Түр-түс атауларының шығуы туралы» деген мақаласында [2, 5-б.].  «Қара» сөзін бір ғана көзге қатысты қарақ сөзімен ғана байланыстыру шешімін таппаған мәселелердің бірі. «Қара» мағынасындағы топонимдер жиі бос жерлерді көрсетеді:Қара, немесе жай ғана түсті: Қарабастау (сөзбе-сөз: қара бұлақ), - қара тастардан шыққан бұлақ мағынасында, Қарабұлақ, Қаражайлау орман (өсіп кеткен, ну орман мағынасында), Қаражалтау (сөзбе-сөз қара жоталы тау), Қаракемер, Қарасай, Қарасу (қыста қатпайтын, терең, түбі көрінетін су мағынасында), Қарашеңгел – (қамыс басып кеткен жер мағынасында), Қарамерген (мүмкін, өте мерген мағынасында) және т. б.

Түске қатысты сөздердің ішінде екінші қатарда тұрған түс, ол «ақ» түс. Ақ түстің символдық мәнінің бірі аққу құсына да қатысты. Аққу құсы кез келген көлге мекендемей, аса талғампаз, тəкəббар болып келгендіктен, қазақ халқы үшін тазалық пен сұлулықтың символы болып танылады. Ақ сөзі түркі тілдерінде ақ//ах//ағ//а: қ формасында қолданылып, бір-біріне жақын үш топ мағынаны аңғартады: 1. «ақ» деген негізгі түстік мағына («белый»); оның төңірегіне: ақшыл, көздің ағы, жұмыртқаның ағы, т.б. мағыналар туған; 2. «ақ» сөзінің ауыс мағыналары: кіршіксіз таза, кінəсіз, ақжүрек, адал; 3. керемет, тамаша, ғажайып. Көне мұраларда кездесетін «таң ағару» тіркесіндегі «ақ» жоғары көтерілу, «таң көтерілу» мағынасын беретін ақ етістігінің əр түрлі сапада жеткендігін ғалым Б. Сағындықұлы дəлелдейді [3, 137-б.]. Түрлі түстің белгісі бар топонимдер үлкен қызығушылық тудырады. Мәселен, ең полисемантикалық символдардың бірі ақ болып қала береді. Оның басты мағынасы – жеңіл. Ақ күн сәулесімен бірдей, оның символизмінде біз кінәсіздікке, ізгілікке және тазалыққа назар аудара аламыз. Ақ түсте оң заряд бар. Айталық, ауылдардың, жазғы үйлердің, қыстақтардың, жерлеу орындарының және т.б. атауларын «ақ» түсті білдіретін бірнеше топонимдерден мысалдар келтірейік: Ақ құдық, Ақ мектеп (ақталған мағынасында), Ақ оба, Ақ сиыр– ақ сиырлардың колхозға әкелінгені жайлы естелік ретінде, Ақжайлау (малды жүргізуге өте жақсы жерлер мағынасында), Ақжал – тау (сөзбе-сөз: таудың ақ жоталары), Ақтоғай, Ақтүбек және т.б.

Ақ түстің мағынасы жиі «ай», «айна», «күміс» терминдерімен байланыстырылады: Айнабастау (сөзбе-сөз: айна көзі) ферманың атауы. Қыста мұздатылған су айнадай болады. Айнабұлақ (сөзбе-сөз: айна кілті) - қыстау және т.б.

Түске қатысты сөздердің ішінде үшінші  қатарда тұрған түс, ол «көк» түс. Адамдар көк күмбезін оның түсіне қарап, «көк» деп атап кетуі қаншалықты заңды болса, керісінше, жер бетіндегі көк түсті заттардың бəрін аспан түсімен салыстыра отырып, жалпылама «көк» деген түр-түс атауын жасап алуы да мүмкін ғой» [2, 6-б.], – деп, көк сөзіне қатысты пікірін білдірген болатын. Шынымен де, бұның құбылыс ретіндегі мағынасы бірінші пайда болды ма, əлде сындық (түстік) мағынасы бірінші пайда болды ма деген сұрақ əлі күнге шейін өз шешімін таппай келеді. Ш. Уəлихановтың «Қырғыздардағы шамандықтың қалдығы» атты мақаласында: «Аспан – бұл шамандықта ең жоғарғы құдірет. Көк тəңірі –  көк аспан. Қырғыздарда бірінші сын есім көк сөзі көрінетін заттық нəрсені білдіреді, ал тəңірі зат есімі Алла жəне Құдай сөздерінің синониміне айналған» [4, 62-б.], – дейді. Көк түстің қазақы ұғымда өсімдік деген мағынасы бүгінде солғындаған. 

Қызыл түске қатысты атаулар, біріншіден, «қызыл» бөлігі бар «кеңестік» мағынадағы ойконимдер жиі кездеседі: Қызыл, Қызылотау, Қызыл қора,  Қызылбастау қыстаулары, Қызылтас ауылы. Екіншіден, ойконим жай ғана түсті көрсетуі мүмкін: Қызылащы, Қызылкесік – (сөзбе-сөз: қызыл белгі) қыстаулары, Қызылшоқы төбесі және т.б. Жасыл, сары және басқа түстер сирек кездеседі. Сондай-ақ, Тарбағатай ауданының топонимдерінің бай түстері бір жағынан табиғи түстерді, ал екінші жағынан халықтың ақындық табиғатын да  көрсетеді.

Әрине, жер-су аттары ғасырлар бойы жасалып, лингвомәдени сипатта болып келетіндіктен, тіліміздегі мақал-мәтел, тұрақты тіркес тәрізді даяр күйінде жеткен тілдік бірлік, оны тыңнан жасау қалай болады деген заңды сұрақ туады? Қазір ұлттық топожүйемізде тыңнан топоним жасауға деген зәрулік бар және бола береді де. Оны ғылыми тұрғыдан жүйелеп, бір жолға қою қажеттілігі уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Негізгі себептер мыналар: Біріншіден, кірме атаулардың орнын басатын топонимдердің табылмауы. Мәселен, қазіргі кезде Шығыс Қазақстан облысында ресми тіркелген 20 000 атаудың 3 000-ы славян тілдерінен енгені анықталып отыр. Ол 3 000 атаудың бұрынғы түркілік немесе моңғолдық түпнұсқалары ешқайда сақталмаған. Өйткені славян тілді атаулардың оларды ығыстырып шығарғанына 300 жыл уақыт өтіп кеткен. Енді оларды қалайша жаңғырту керек? Тек жаңа атаулар жасау арқылы ғана. Тың атаулар жасаудың жолын білмегендіктен, атсыз қалған нысаналарға Ақмарал, Береке, Бейбітшілік, Махаббат тауы, Өркениет, Ынталы, Бақыт, Шаттық тәрізді жер бедеріне қатысы жоқ атаулар беріле бастады. Бейілсіз байлар мен белгісіз батырлардың есімдерінен жасалған антротопонимдер қаптап кетті. Бұны жақсы үрдіс деп атау қиын. Жер мен су – атымен, затымен қоса – сол жерді мекендеген халықтың байлығы екенін ескерсек, ондай бейберекеттікке жол беруге болмайды.

 Екіншіден, кезінде «Веда» атты көне кітаптың тілін түсінбеген үнділер сияқты, «Одиссеяның» тілін түсінбеген гректер сияқты көне топонимдерді түсінбеген қазіргі ұрпақ аса құнды архитопонимдерді кез келген басқа атаумен жөнсіз ауыстыруға кірісті. Мәселен, Катонқарағай ауданындағы Парк ойконимі Ұра деген тарихи атауы бола тұра, Ақмарал деп атала бастады. Березовка ойконимін Ошағанды деген тарихи атауын ескермей, Қайыңды деп атады. Ал Ұра, Ошағанды атаулары сол жердің ерекше белгілерін айқындап беретін еді: Ұра – тау арасындағы шұңқыр жерге берілген топоним болса, Ошағанды – «малға жайсыз, ошағаны көп» деген ескерту беріп тұратын атау. Былайша қарағанда, қайың мен ошағанның түбі бір фитоним ғой, айырмашылығы шамалы деуге болады. Алайда, көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақ ол жер үшін маңызды белгі ошаған деп тапқан. Екі атау да ономастикалық концептілерге бай болып келеді.  Осы бағытта кете беретін болсақ, жер бедерін білдіруге қабілетсіз мыңдаған атаулар қолданысқа еніп кетуі мүмкін. 

Үшіншіден, қазақ халқы ежелден көшпелі өмір сүргендіктен, жер-су аттары ерекше маңызды факторға айналған. Әр атауда ұлттық дүниетаным, психология, салт-дәстүрдің кумулятивті түрде жинақталып жатуы өз алдына, әр атау  жер бедерін өте жоғарғы дәлдікпен белгілеуді мақсат еткен. Атау сол жердің ерекше бір белгісін білдірмесе, көш адасып, мал арып, шаруашылық күйзелуі мүмкін болған. Мәселен, Бөрілі топонимі «бұл жер – бөрі жасырынатын бұта-қарағаны мол, соқпалы жер» деген ескерту-концептісін білдіріп тұруы қажет еді. Құлынембес атауы «оты (құлынембес шөбі), суы мол жер, тойынған құлын енесін ембейді» деген ақпарат-концептісін беріп тұрғаны айқын. 

Ал бүгінгі ұрпақ көшпелі өмірді мүлде ұмытқан десе де болады. Антрополог-ғалым А.М. Хазановтың айтуынша «ХХ ғасырдың 1920-1930 жылдары Орта Азия мен Қазақстан номадтары күшпен отырықшылық өмірге көшірілген» [5, 44-б.]. Отырықшылыққа көшкен соң, бүгінгі буын өкілдеріндегі көшпеліге тән нышандар да жоғалды. Олардың жер-суға адам есімдерін, қайдағы бір дерексіз ұғым беретін әсіреқызыл сөздерді қоя бастағаны сондықтан деп ұққан жөн. Мәселен, үнемі жел соғып, қарды ұшырып әкететін, мал тебініне жайлы Қаражер деген қыстауға жаңа типті мал қорасы салынған соң, Стандарт деген атау пайда болып, заңды атауын ығыстырып шығарғанын көзімізбен көрдік. Біз үшін көне, алғашқы топоним қымбат, өйткені ол – таза ментальді-когнитивтік сипаттағы топоним. Оның үстіне «халықтың мәдениеті неғұрлым жұпынылау болса, ол өзіндік этнографиялық бейнесін соғұрлым мол сақтайды және оның жалқы есімдері тұрмыс пен дәстүрге соғұрлым берік байланған болып келеді» деген пікір де бар [6, 15-б.]. 

Берілген тілдік бірліктер  жұмыстың мақсатына орай топтастырылып, мағыналық реңкі қарастырылды. Зерттеу нысанына алынған этностың ұлттық таным әлемін қалыптастырған   ономастикалық материал қазақ тілі лексикологиялық қорына қосылған  рухани мәнділік пен құндылыққа ие мағыналық бірліктер. Қарастырылып отырған онимдердің тақырыптық өрісі анықталды, белгілі бір тақырыптық топқа жататын онимдердің қолдану жиілігі  анықталды. Соның  ішінде, табиғи ерекшелігіне, жер ыңғайына, табиғаттың ерекше бір белгісіне байланысты қойылған атаулар басым – 299,  кісі атына байланысты  онимдер – 783, келесі кезекте түс атауына қатысты  атаулар – 138, ал гидронимдер – 119 және т. б. 

Тарбағатай ауданы жер-су атауларының лексика-семантикалық ерекшелігін қарастырғанда байқағанымыз,  түске қатысты болса, бірінші орынды қара түске, екінші орынды ақ түске қатысты, үшінші орында көк түске қатысты онимдер алады. Кестемен бергенде төмендегідей, яғни жер-су атауларына түске қатысты атаулар таңғанда басқа түске қарағанда қара түс басым екендігі көрініп тұр. Себебі берілген атаулардың негізі: 1) таза түске қатысты; 2) символдық мәнде маңыздысы, күштісі; 3) өсімдікке қатысты, тұтас, қалың деген мағыналарға меңзейді. 

Пайдаланған әдебиеттер:

1 Қыдырбекұлы Б. Түгел сөздің түбі бір. – Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 1993. – 175 б.

2 Хасенов Б.Р., Əділова А.С. «Түр-түс атауларының шығуы туралы Қарағанды университетінің хабаршысы. № 4(68)/2012 Серия Филология, 5 б. 

3 Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері: Монография. — Алматы: Санат, 1994. – 137-б.

4 Уəлиханов Ш.Ш. Көп томдық шығармалар жинағы. – Т. 4. –  2-бас. – Алматы: Толағай групп, 2010. – 62-б.

5 Сәдуақасұлы Ә. Тарихыңды танып біл. - Алматы: Шартарап, 1996. – 295 бет.

6 Бияров Б.Н. Жер-су аттарының сөзжасамдық үлгілері. –Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2012. - 460 б. 15б.