Тарихи өзгеріс: Түркия Орталық Азияны Түркістан деп атау туралы шешім қабылдады
10.10.2024 866
«Түркістан» сөзі «түркілердің Отаны» дегенді білдіреді.

Түркияның ұлттық білім министрлігі тарих пәнінің оқу бағдарламасында негізгі өзгерістер енгізілетінін жариялады. Оның аясында «Орталық Азия» термині «Түркістан» деп аталатын болады.

TRT Haber порталының мәліметтеріне сүйенсек, бұл қадам Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның қолдауымен, жастар арасында ұлттық сананы және патриотизмді нығайтуға бағытталып отыр.

«Біз алдағы кезеңді түркілер дәуірі ету үшін Түркия дәуірінің көзқарасын түркі мемлекеттері ұйымына таратып жұмыс істейміз», — деді Ердоған.

Түрік профессорлары, соның ішінде профессор Ахмет Ташағыл бұл шешімді қолдап, «Түркістан» терминінің тарихи маңыздылығын атап өтті. Олар бұл сөздің «түркілердің Отаны» дегенді білдіретінін және оның тарихтың ең ерте кезеңдерінен бастап қолданылғанын айтты.

«Түркістан концепциясына жүгінуіміз және оны ұлттық білім министрлігінің оқулықтарына енгізуі - өте дұрыс шешім. Түркия мен Түркістан, негізінен, түркілердің тұратын аймағын білдіреді», — деді доцент Рамин Садық.

Сарапшылар бұл өзгерістің түркі әлемінде жалпы тарих, әдебиет, карта және алфавит құрудағы белсенді қадамдармен байланысты екенін атап өтті.

orda.kz