Дархан Қыдырәлі: Моңғолиядағы түркі дәуірі ескерткіштері жаңа бағытта зерттеле бастады
06.08.2018 3031
Түркі академиясының басшысы ұзақ мерізімге жоспарланған бұл жұмыстарды «Керулен экспедициясы» деп атау қажет екендігін айтты

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Моңғолияның Кентей аймағы аумағында жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстарымен танысып, ғылыми семинар өткізді, National Digital History порталы Түркі академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап

TWESCO Семинар барысында академия басшысы Хаяхудаг және Гунбурд кешендеріндегі қазба жұмыстарының маңызына тоқталды. Дархан Қыдырәлі Моңғолиядағы түркі дәуірі ескерткіштерінің жаңа бағытта зерттеле бастағанын атап өтті.

Әлемдік ғылыми қауымдастық бұдан бұрын Орхон өзені бойындағы көне түркі ескерткіштеріне көбірек көңіл бөлген болса, халықаралық ұйым мен Моңғолия ұлттық музейінің бірлескен экспедициясы Керулен өзені алқабын назарда ұстап отыр. Ғалымдар бұл өңірде түркі дәуіріне тән көптеген ескерткіштер мен ғұрыптық кешендердің сақталғанын атап өтті.

Түркі академиясының басшысы ұзақ мерізімге жоспарланған бұл жұмыстарды «Керулен экспедициясы» деп атау қажет екендігін айтты.

Сондай-ақ, далалық ғылыми-семинар барысында Халықаралық Түркі академиясының президенті Моңғолия ұлттық музейінің директоры Дагваадоржын Сүхбаатарды академияның Вильгельм Томсен медалімен, археолог Чинболдын Баяндэлгэрді Құрмет грамотасымен марапаттап, қазба жұмыстарына қатысып жатқан ғылыми қызметкерлерге алғыс хаттар тапсырды.