Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Көне де жаңа Зайсан

3016
Көне де жаңа Зайсан - e-history.kz
NDH порталы Зайсан ауданына жасаған тарихи-мәдени экспедициясының нәтижесінде аудан музейінде сақталған ескі суреттерді алып, жаңа заманғы фотосуреттермен салыстырып ұсынады

Қазіргі кезде Зайсан қаласының аумағында халық архитекторы Баязит Сәтбайұлының қолынан шыққан 26 ғимарат әлі күнге дейін сақталып, қызмет етіп тұр. Бұл тарихи орындардың көбісі жеке кәсіпкерлердің қолында. ХХ ғасырдың басындағы қала ахуалынан, жалпы қала құрылысынан хабар беретін мұндай құрылыстардың ғасырлар бойы мүжілмей, бұзылмай аман-есен жетуі көптеген адамдарды таңғалдырады. Тарихи ескерткіштерді қорғау ісімен айналысатын маман Бақытбек Нұрғазинның айтуынша, азып-тоза бастаған кейбір мекемелер келешекте күлтөбеге айналуы мүмкін. Себебі, жеке қолға өткен мұндай тарихи орындардың бүгінгі иелерінің кейбірі күтіп-баптауды білсе, кейбірі бұған жүрдім-бардым қарайды. Оларға тарихи таным тұрғысынан және Елбасы мақаласындай айтылғандай рухани жаңғыру тұрғысынан дәрістер оқып тұратынын және кейбір жекелеген азаматтар түсіністікпен қарайтынын айтты ескерткіштерді қорғау жүйесінің маманы Б. Нұрғазин. 

Назарларыңызға ұсынып отырған ескі тарихи фотосуреттерді Зайсан тарихи-өлкетану музейінің ұжымының рұқсатымен және портал қызметкерінің іссапар кезінде түсірген жаңа фотосуреттері салыстырыла отырып беріледі. Уақытты тоқтатқан тарихи кадрларға үңілсеңіз, кешегі мен бүгінгі, құлдыраулар мен өрлеулер, жеңілістер мен жеңістер, адам санасы мен уақыт табы айқын аңдалады. Сонымен Зайсанның көнесі мен жаңасын қараймын десеңіз, арнайы жасаған фотореопортажымызға назар салыңыз.

 

1. 1900 жылы салынған үй. Ұлы шебер Баязит Сәтбайұлына жергілікті бай-көпес Ыбырай Манапов тапсырыс беріп салдыртқан. Оның ұлы Смағұл Манапов 1917 жылы революционер-большевиктермен бірігіп, өз үйінің жертөлесінде «Искра-Ұшқын» листовкаларын басып шығарған. Қазіргі кезде тарихи ғимаратта зейнетақы төлеу орталығы орналасқан.

 

2. Жүсіп Әбілхановтың үйі. Бұл ғимаратты Б. Сәтбаев 1906-1907 жылдары салған. Басқа ғимараттан өзгешелігі, қасбеттері молынан өрнектелген. Негізгі фасады екі симметриялы кертпеш секілді безендірілген, олар жартылай иілген доғалармен айшықталған. Үйдің дуал қабырғасы бірнеше метрге созылады, советтік кезеңде алып техника көліктерін кіргізу мақсатында үлкен қақпаның жоғарғы бөлігі қиратылған.

 

3. Абай көшесі 69 мекен-жайдағы бұл үй 1911 жылы салынған. Мұнараның алдыңғы бетінде «1911» деген жазу бар. Үй иесі – Халел Ерзин. Бұл кісі зайсан өңіріндегі белгілі көпестердің бірі болған. Қазіргі кезде ғимаратта «Игілік» сауда дүкені орналасқан.

4. Қазақтан шыққан тағы бір бай-көпес Жүніс Татановтың бұл үйі тарихи оқиғаларға толы. 1918 жылдары мұнда «Алаш» партиясының өкілдері жиналыс жасап, штаб пәтері ретінде пайдаланған. Ұлт зиялыларының ізі қалған тарихи орын. Үй иесі Ж. Татановты ішімдікке тойып алған үш революционер-большевик есігінің алдында атып өлтірген.

 

5. Қаладағы ең ескі ғимараттың бірі – Бидахмет Бобкиннің үйі. Большевиктер үкіметі орнағанда бұл ғимаратта уездік және аудандық партия комитеті, 60-70-інші жылдары «Достық» газетінің редакциясы, 80-інші жылдары аудандық білім беру мекемесі орналасқан болатын. Қазір мұнда Зайсан тарихи-өлкетану музейі қызмет етеді.

 

5. Халық архитекторы Баязит Сәтбайұлының өз есімі жазылған, бірақ болыс Зейнолла Бұтабайұлына арналған кесене. Шілікті ауылдық округіне қарасты Жалши ауылының маңында орналасқан. Шебердің қазақ даласындағы соңғы ескерткіші деп саналады әрі мемлекеттік қорғау тізіміне енген.

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?