ӘЛЕМДІК НАЗАРБАЕВ
06.02.2017 1813
Кинокартинада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жастық шағы баяндалады. Онда жолдастары болашақ президент туралы естеліктерден сыр шерткен

2017 жылдың 31 қаңтар күні қырғыз режиссері Өмірзақ Толобековтың Қазақстан Президенті туралы «Әлемдік Назарбаев» атты жаңа деректі фильмінің тұсаукесері болып өтті.  Фильм Қазақстан Елбасының көршілес Қырғызстан елімен байланысты өмір кезеңдерін көрсетеді.  Кинофильм екі тілде -қырғыз және орыс тілінде түсірілген. Баспасөз-конференция барысында фильмнің режиссері, продюссері және сценарий авторы Өмірзақ Толобеков Нұрсұлтан Назарбаевтың жас кезінде Қырғыз елінде көп жыл өмір сүргенін атап өтті, фильм осы уақыт кезеңіне арналады.    

Кинокартинада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жастық шағы баяндалады. Онда жолдастары болашақ президент туралы естеліктерден сыр шерткен. Фильмнің ұзақтығы - 55 минут. Алайда, әлемге танымал тұлғаның қызметтік өмірі осы лентаға сыйып тұр, - дейді автор. Деректі фильм Қырғызстан кинотеатрларында 17 ақпаннан көрсетіле бастайды. «Қазақ елінің басшысы қырғыз тілін жақсы меңгерген. Әрі мәдениеті мен дәстүрінде терең түсінеді, - дейді фильмнің авторы.

Фильмнің қосалқы продюсері Сабыржан Сейдахметовтың айтуынша, мұнда Қазақстан Президентінің жастық шағы ғана емес, оның саяси қызметі және елінің және жалпы аймақтың дамуына қосқан орасан үлесі туралы да айтылады. «Біз Қазақстан Президентің мықты және тәжірибелі саясаткер ретінде танимыз және картинада оның қызметінің нәтижесі көрсетілген», - деп атап өтті Ө. Толобеков. Автордың айтуынша, фильмді Қазақ елінің Президенті көріп, оң бағасын берген.  Сондай-ақ продюсерлер жобаның өз қаржыларына түсірілгенін, фильм бюджетінің $20 мың құрағанын атап өтті.  

Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына «Елбасы жолы» кинодастаны арналған. Назарбаевтың балалық, жасөспірім, жастық шағы, саясаткер ретінде қалыптасу жолы баяндалатын «Балалық шағымның аспаны» (2011), «Отты өзен» (2013), «Темір тау» (2013), «Тығырықтан жол тапқан» (2014) фильмдерін  қазақ режиссері Рүстем Әбдірашев қойған болатын.

Назарбаевтың балалық шақтағы бейнесін жас әртіс Елжас Әлпиев, ал жастық жақтағы бейнесін – Нұрлан Әлімжанов сомдады. Әжесінің бейнесін Бибігүл Төлегенова, анасының рөлін – Наталья Орынбасарова, әкесінің рөлін – Нұржұман Ықтымбаев сомдады.

Қазақстанның және бүкіл постсоветтік кеңістік тарихындағы өтпелі кезеңдерге тұспа тұс келген 90-шы жылдарды қамтыған «Жұлдыздар тоғысқанда» деп аталатын Нұрсұлтан Назарбаев туралы киноэпопеяның бесінші көркем фильмін түсіру үшін ресейлік кинорежиссер Сергей Снежин шақырылған  болатын. Картинадағы басты рөлді Берік Айтжанов сомдады.

Өмірзақ Толобеков көрнекті мемлекет қайраткерлері туралы фильмдер түсіреді және кітаптар жазады. Бұдан бұрын Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин туралы жазған болатын. Ендігі еңбегінің басты рөлі Қазақстанның Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арналады екен. Сондай-ақ, режиссер Қырғызстаннан Ресейге жұмыс іздеп еңбекші мигранттарының қиын-қыстау кезеңдері туралы баяндайтын «Мәскеудің махабаты» атты фильмін түсірді. Өмірзақ Толобеков Қырғыз Республикасының «Ақ Жол» партиялық газетінің редакторы болып табылады.

Махаббат БОЛЬШИНА

Аударған: Гүлнұр Серікқызы

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)