СҚО-да ұлттық тарихты жаңғыртудың негізгі бағыттарын талқылады
30.09.2013 1659
Дөңгелек үстелде облыстағы орта білім мекемелері және мектептердегі тарих мұғалімдері бас қосты, олар Қазақстандағы қазіргі кездегі тарих ғылымының негізгі бағыттарын жаңғырту жайын талқылады.

Петропавлда тарих пәнінің мұғалімдері дөңгелек үстелде Қазақстандағы қазіргі кездегі тарих ғылымының негізгі бағыттарын жаңғырту жайын талқылады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Дөңгелек үстелде облыстағы орта білім мекемелері және мектептердегі тарих мұғалімдері бас қосты, олар Қазақстандағы қазіргі кездегі тарих ғылымының негізгі бағыттарын жаңғырту жайын талқылады.

Кеңес заманындағы қазақ халқының тарихы формациялық бағытпен жүйеленеді, одан ресми белгіленген идеологияға сәйкес келмейтін маңызды тарихи оқиғалар мен фактілер, белгілі қоғам қайраткерлері алынып тасталып келді. Халық тарихының қаралы беттері жалпы зерттеуге алынбады. Қазақ халқының бай мәдени және тарихи мұрасы бағаланбады.

«Қазіргі тарихшы зерттейтін заманының ішіне бойлай алуы керек. Тек қана зерттеп қоймай, нақты қоғамның құндылығын, дәстүрін, салтын түсіне білуі тиіс», - деп атап өтті басқосуға қатысушының бірі. 

Тарих ұстаздары қолданыстағы оқулықтар жайында айта кетті. Тайынша ауданының Зеленогайск орта мектебінің мұғалімі Виталий Червинский: «Жыл сайын оқушыларға жаңа оқулықтар беріледі, онда ақпараттар өте көп, немесе тіпті жоқ. Бірқатар оқулықтарда бір оқиға бірнеше жылмен берілген. Бір тұлғаға берілген мінездеме де әртүрлі», деп отыр. 

Басқосу қорытындысында дөңгелек үстелге қатысушылар ұлттық тарихты зерделеуды насихаттау және оны зерттеуде жаңа бағыттарды енгізу бойынша жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдады.

Дерек көз: bnews.kz