Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Тарихшы Әділгереев Халел Мұхамеджанұлының туылған күні

Ташкентте «Түркістан уалаятының газеті» алғаш рет қазақ тілінде жарыққа шыға бастады

- = -

Тарихшы Әділгереев Халел Мұхамеджанұлының туылған күні

26403
1904-1974 жылдары өмір сүрген.Батыс Қазақстан облысында туған. Қазан шығыс педагогикалық институтын бітірген.
Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының, шымкент мұғалімдер институтының деканы, директоры, кафедра меңгерушісі, доценті қызметтерін атқарған. Ғалым қазақ әдебиеттанушылары мен тарихшыларының тұрпайы социалистік әдістемелеріне қарсы шығып, шоқантануды бастаушылардың, С.Аспандияров туралы алғаш қалам тартқандардың бірі болды. Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы жөнінде тарихшы Е.Бекмахановтың тұжырымдамасын қолдағаны үшін саяси қуғынға ұшыраған.