Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Өнеркәсіптің, сауданың, қалалардың дамуы. Халықтың әлеуметтік құрылымының өзгеруі, жатақтар

4780
Өнеркәсіптің, сауданың, қалалардың дамуы. Халықтың әлеуметтік құрылымының өзгеруі, жатақтар - e-history.kz
XIX ғасырдың II жартысынан бастап Қазақ жеріне Ресей капиталы белсенді түрде ене бастады.

Оның негізгі мақсаты аймақтағы пайдалы қазба байлықтың мол қоры мен ауыл шаруашылық шикізаттарының арзан көзіне ие болу еді.  Ресей капиталы үшін бұл аймақ өте тиімді әрі қолайлы рынокқа айналды: жер қойнауының байлығы, жердің арзандығы, жерплікл халықтан жалға немесе арзан бағаға сатып алу, арзан жұмыс күші т.б. Мысалы, патша әкімшілігі орыс өнеркәсіп иелеріне Жезқазғандағы мыс кенішін бар болғаны 100 сомға, Саран көмір кенішін 114 сомға сатқан. Тау-кен енеркәсібі непзінен Ақмола, Семей облыстарында, Баянауыл, Қарқаралы, Ақмола уездерінде және Алтай аймағында дами бастады. Мұнда мыс, күміс, қорғасын, көмір және алтын өндіретін кеніштер шоғырланды.

Мыс қорыту, күміс-қорғасын кен орындарының негізгі бөліп орыстың ірі енеркәсіп иесі С. Поповтың меншіпнде болды. Зауыттар өте ескі техника-мен жабдыкталды, непзінен қол еңбепн пайдаланды. Оның ішінде әйелдер мен балалар еңбепн пайдалану да кең тарады. Оған қоса меншік иесі С. Попов өзінің 20 жылдық жеңілдік уақыты бітпей тұрып зауыттарын жауып тастады да, жанынан жаңадан ашты. Сөйтіп, ол тағы 20 жылға жеңілдік алды. 1852 жылы орыс көпесі Ушаков Екатеринбургте өнеркәсіп компаниясын құрды. Оған Зотов, Рязанов, Севастьянов сияқты енеркәсіп иелері кірді. Сол жылы олар 86 сомға Далабай Тоқтамысовтан Ақмола уезіндеп мыс кен орнын, ал

1856 жылы Игілік Өтеповтан 250 сомға Қарағанды кемір кен орнын сатып алған. Осы кен орындарының непзінде 1863 жылы компания Спасск мыс зауытын салды. Онда орта есеппен жылына 250 мың сомға бағаланатын 30 мың пут мыс балқытылған. Спасск зауыты мыс балқыту бойынша Ресейдің жекеменшік зауыттары арасында Нижнетагил зауытынан кейін екінші орын алды. Оның өнімдері Екатеринбург пен Петербургтеп ақша сарайларына, сондай-ақ Нижегород жәрмеңкесіне апарылып отырған.

1884 жылы С. Попов «Күміс өндіру серіктестіпн», 1885 жылы «Далалық тас көмір» қоғамын қүрады. Жүмысшыларыныңсаны 300-ден 500 дейін жет-кен ірі деген кәсіпорындарға: Спасск мыс зауыты, Успенск кеніші, Қарағанды көмір кеніші, Екібастүз және Риддер кәсіпорындары кірді. 1885-1893 жыл-дардажалпы Қазақстан бойынша 151182 пүт қорғасын, 883 пұт күміс, 219.186 пүт қара және 484542 пүт таза мыс өндірілген. Бірақ орыс кәсіпкерлерінің қаражаты жетіспеген жағдайда, үкімет шетел капиталын да тарта бастады. 1904 жылы шетел кәсіпкерлері Спасск-Воскресенск, Успен мыс кен орында-рын, Спасск мыс қорыту зауытын, Қарағанды таскөмір шахтасын арендаға алған. Бүл кәсіпорындардың акцияларының қомақты бөлігі ағылшын-фран-цуз кәсілкерлеріне тиісті еді. Ал қатардағы акционерлер Америка, Герма-ния, Швеция, Австрия, Испания және басқа елдердің қаржыгерлері болды. 1906 жылы Лондонда «Атбасар мыс кеніштері» акционерлік қоғамы қүрыл-ған. 1907 жылы ағылшындар Жезқазған мыс кен орнын да жалға алады. Сол сияқты Риддер және Екібастүз кәсіпорындары да шетелдік капитал непзінде жұмыс істеді. Мысалы, Риддер кен орыны кейін АҚШ Президенті болып сай-ланған Герберт Гувердің капиталы арқылы жұмыс істеген. Шетел капиталы Ембі мұнай кәсіпорнына да салынды.

Маңызды өндірістің бірі тұз өнеркәсібі болды. Тұз өндірісінің орталықта-ры Елтон, Басқұншақ, Елек, Коряков кәсіпшіліктері болды. Тек Басқуншақ кәсіпорны ғана 1880 жылы 2 миллион 800 мың пүт түз өндірген.

Бұл кезеңде экономикада балық кәсіпшілігі де маңызды орын алды. XIX ғасырдыңаяғында Каспийде 150-ден астам балықөндіретін кәсіпорын жұмыс істеген. Сонымен бірге балық өндеу зауыттары да ашыла бастады. Тұрақты балық аулау кәсіпшілігі Орал, Іле, Шу, Сырдария өзендерінде, Арал теңізі мен Балқаш, Зайсан көлдерінде жүрпзілді.

XIX ғасырдың соңында Қазақстанда ауыл шаруашылық шикізатын өндейтін шағын кәсіпорындар жұмыс ютеді. Ондай кәсіпорындарға Орынбор, Орал, Петропавл, Семей, Ақмола сияқты т.б. қалалардағы ұн тартатын, май шай-қайтын, сабын жасайтын, тоң май шығаратын, тері өңдейтін, мал соятын орындар жатты. Олар алғашында шикі кірпіштен немесе ағаштан жасалын-ған кішігірім үйлерде жұмыс істеді. Сол кездеп деректер олардың тапқан

жалақысының ете төмен болғанын және ол отбасын бағуга әрең жететіндіпн көрсетеді.

1882 жылы Шымкентте сантонин зауыты іске қосылды. Бұл ендіріс орны-ның өнімін Англия, Америка, Германия, Үндістан мен Жапония сияқты ел-дерге экспортқа шығарып отырған. Шымкент пен Тұркістанда мақта таза-лайтын зауыттар, Верныйда екі темекі кәсіпорны жұмыс істеді.

Сол тарихи кезенде көлік, пошта, қатынасы да дами бастады. 1880 жыл-дан бастап Ертіс, Балқаш, Іледе тұрақты кеме қатынасын жолға қою әрекеті жасалды. 1874-1876 жылдары Орынбор теміржолы салынды. Самара- Орын-бор жолы Торғай, Орынбор облыстарын Ресейдің орталық аудандарымен байланыстырды. Теміржол жүйесінде Транссібір магистралінің де маңызы зор болды. Оның Ақмола арқылы ететін батыс белігі 178 шақырымға созыл-ды. Бұл теміржолдың құрылысын бастау туралы жарлық 1891 жылы шыққан болатын. Қазақ жерімен ететін жалпы ұзындығы 482 км теміржол салынды. XIX ғасырдың соңында теміржол, су жолы, пошта-телеграф байланыстары Қазақстанды Ресейдің орталығымен, Сібірмен, Алтаймен, Орта Азиямен байланыстырды.

Ресейдің мемлекеттік банкісі де өз бөлімшелерін Орал, Петропавл, Се-мей, Омбы, Верный қалаларында ашты. Көлемді несие беретін қаржы ме-кемелері Ақмола облысында орналасты. Сондай-ақ Қазақстанда Сібір сау-да банкінің жеті бөлімшесі, Орыс сауда-өнеркәсіп банкінің бес белімшесі жұмыс істеді.

Капиталистік қатынастар сауданыңдамуына тікелей әсер етті. Қазақ халқы ушін XIX ғасырдың өзінде де сауданың непзп нысаны мал болды. Мысалы, Ақмола, Қарқаралы, Сарысу уездерінен Ресейге жыл сайын 60 мың ірі қара мал, астық, 200 мың қой айдап апарылып отырған.

XIX ғасырдың аяғында Қазақ жерінен мал және мал өнімдерінен басқа дәнді-дақылдар, астық пен ұн тасымалданды. Нан саудасының ірі орталық-тары Орал, Орынбор, Семей болды, ал астық Қостанай, Ақтөбе. Орал, Тор-ғай уездерінен тасымалданды. Астықтың непзп белігі Ферғана, Ташкент, Бұха-раға шығарылды.

XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда жәрмеңкелік сауда кең та-рады. Ірі жәрмеңке орталықтары ретінде Ақмола облысында Тайыншакөл, Константиновск, Петровск; Семей облысында Шар, Қоянды; Жетісу облы-сында Қарқара; Сырдария облысында Әулиеата; Орал облысында Ойыл, Темір жәрмеңкелері танылған болатын. Сол уақыттағы осындай ірі жәрмең-келердің сауда айналымы 1 млн. сомнан асып отырды. Қазақ халқы үшін көп жағдайларда сауда тиімді бола бермейтін. Мысалы, жарты қадақ шай мен бір қадақ қантқа бір қой айырбасталды. 15 тиыннан аспайтын ұстара бір қой; бір самаурынға 20-25 қой беруге тура келді. Дегенмен Қазақ жері Ре-сейдің (соның ішінде қазақтардың да) Қытай, Моңғолия, Орта Азия елдері-мен сауда байланыстарының дамуында маңызды рел атқарды.

Өлке өмірінде қалалардың алатын орны ерекше болатын. Қалалар сау-да, өнеркәсіп, әкімшілік және мәдениет орталықтары ретінде қазақ халқы-ның дамуына сапалық тұрғыда үлкен әсер етті. 1897 жылғы халық санағы бойынша ірі қалалар қатарына мыналар кірді: Орал - 36446 адам; Верный -22744; Семей - 20216; Петропавл - 19688; Жаркент - 16094; Қостанай -14275; Әулиеата - 11722; Ақмола - 9688; Гурьев - 9322; Өскемен - 8721; Павлодар - 7738; Перовск (Ақмешіт) - 5058; Көкшетау - 4.962; Қарқаралы -4451; Зайсан - 4.402; Атбасар - 3038; Ырғыз - 1512; Торғай - 896 адам.

Қалаларда әкімшілік чиновниктері, ақсүйектер, офицерлер, кәсіпкерлер, көпестер, саудагерлер, байлар, казак атамандары, әртурлі интеллигенция топтары, қызметкерлер, жұмысшылар өмір сүрді.

Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі, көшпелі және жартылай кешпелі мал шаруашылығын ыдырата бастады. Ауылдағы дәстүрлі шаруа-шылық қатынастары езгерді. XIX ғасырдың соңында кешпелі шаруашылық Ақмола және Семей облысында, Маңғыстауда, Орталық Қазақстан мен Сыр-дарияның далалық аудандарында сақталып қалды. Кешпелі мал шаруашы-лығы да нарық қатынасының талаптарына беиімделе бастады. Мысалы, қалаларда сиыр етіне деген сұраныстың өсуіне байланысты ірі қара мал-дың саны өсті. Мал шаруашылығы аясының таралуы өлке экономикасын-дағы егіншілік үлесінің өсуіне әсер өтті. Ол патша екіметінің отарлық сая-сатына да байланысты болған еді. Өйткені қазақ жерлерінің жаппай тартып алынуы қазақ шаруаларын епн шаруашылығымен де айналысуына мәжбүр етті. Сондай-ақ орыс шаруаларының үлес салмағы арта бастады.

Қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелісі күшейді. Жоқшылыққа ұшыраған немесе көшіп-қонуға мүмкіншілігі жоқ малшылар «жатақтар» тобы мен өнер-кәсіптегі жалдамалы жұмысшылардың қатарын толықтырды.

Жатаққа айналу Қазақстанның солтүстік және шығыс уездерінде күшті жүрді. Көкшетау уезінде жатақтар қазақ шаруа қожалықтарының жалпы са-нының 4,6%-ын, ал Атбасарда 5,3%-дан 7,9%-ға дейін құрады. Жатақтар байларға және ауқатты казактар мен орыс шаруаларына, шағын кәсіпорын-дар мен кеніштерде жалданып жұмыс істеді. Олар бірте-бірте ауылмен бай-ланыстарын үзе бастады.

Өнеркәсіптің дамуына байланысты жерплікл жалдамалы жұмысшылар-дың әлеуметтік тобы қалыптасты. Мысалы, 1855 жылы Қазақстанның тау-кен өнеркәсібінде 1.353 жүмысшы, 1865 жылы 1848; 1875 жылы 4156; 1885 жылы 7750; 1895 жылы 8.960; 1900 жылы 11225 жұмысшы болған. Непзгі

білікті жұмысшы мамандар Ресейден келді. Қазақтардың көпшілігі ең ауыр жұмыстар мен төмен жалақы төленетін жұмыстарды істеді. Олар кейбір өнеркәсіп орындарда жалпы жұмысшылар санының 60-70%-ын құрады. Әйелдер мен балалардың арзан еңбеп кең түрде пайдаланылды. Мысалы, кен орындарындағы балалардың (16 жасқа дейінп) еңбепн пайдалану XIX ғасырдың аяғында 14%-ғажетті. Қазақстанныңөнеркәсіп жұмысшыларының орташа жалақысы, Ресейдің сондай кәсіпорындарында теленетін жалақы-дан екі-үш есе төмен болды. Жұмысшылар өздерінің ауыр жағдайларына байланысты қарсылыктар көрсете бастады. Бұл жұмысқа шықпау, өнеркәсіп-тен қашып кету сияқты әлсіз қарсылықтар еді. Жұмысқа келмегендер мен қашып кеткендерді күшпен қайтарып жұмыс істетті, ал кейін оларды үш айға дейін қамап тастауға құқық берілді.

Кейіннен жұмысшылар күрестің белсенді саяси түрі - ереуілдерге шығуға көшті. Осындай ереуілдердің алғашқысы Кекшетау тау-кен округының Мариинск алтын өндіретін кен орынында 1849 жылы қазан айында болды. Мұндағы 150-ге жуық жұмысшы қайла, күрек, кесек темір, балтамен қаруланып мекеме бастығынан өздерініңжалақысын берудіталап еткен. 1887,1891 жылдары Семей облысының Өскемен уезіндеп алтын өндіретін кен орнын-да жүмысшылардың толқулары болды. Мұндай қарсылықтарды жерплікті патша әкімшілігі мен өндіріс басшылары күшпен басып тастап отырды, ереу-ілге шыққандарға айып телеткізіп, жұмыстан шығарды. 1898 жылы 5 наурыз-да Зырян мыс кенішіндеп жұмысшылар ереуілге шығып, еңбек ақысын көте-руді,еңбекжағдайынжақсартудыталапетп. 1893, 1895, 1899жылдары Батыс Сібір теміржолы жұмысшыларының ереуілдері болды. Бұлар Қазақстандағы жалдамалы жүмысшылардың өз құқықтары үшін алғашқы наразылықтары еді.


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?